Жерлестеріміз Азия чемпионы
Тайланд елінде кикбоксингтен өткен Азия чемпионатынан жерлестеріміз олжалы оралды. 91 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Темірлан Қабиев пен 86 келіде сынға түскен Мәди Тоқтаров байрақты бәсекеде топ жарды. Темірлан финалда ирактық қарсыласынан айла асырса, Мәди Тоқтаров кувейттік бәсекелесінен басым түсіп, Азия чемпионы атанды. Сөйтіп, турнирдің техникалық тұрғыдан үздік спортшысы атанды. Екеуі де облыстық полиция департаментінің қызметкерлері.

Айбек Ғалымұлы.
Дереккөз:Arna_news