Қостанайлық тұрғынның ваннасынан жылан табылды

Зәресі ұшқан тұрғын полицейлерге хабарласып, көмек сұраған.
20 қазанда "102" пультіне Қостанай қаласының тұрғыны қоңырау шалып, жуыну бөлмесінде жылан жатқанын айтқан. Жәрдем сұраған азаматтың үйіне учаскелік полицейлер дереу жетіпті.
«Ұзындығы 20-25 сантиметр болатын жыланды таптық. Оның қайдан пайда болғанын анықтап жатырмыз. Ол әлдекімнің өсіріп отырған жыланы болған тәрізді. Қазір иесін іздеп жатырмыз. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері де келді, – дейді учаскелік полицей Асқар Ментаев.
 
 
Кейін мамандар бұл бауырымен жорғалаушының кәдімгі су жылан екенін анықтаған. Полицейлер жыланды қала сыртына апарып, еркіне жіберген. «Қазан-қараша айларында сужыландар  әртүрлі шұңқырлар мен саңылауларға еніп, қыстауға кетеді», – дейді мамандар.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓