Мемлекеттік тілді қайтсек дамытамыз?

Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде облыстық тілдерді дамыту басқармасы өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік тілді дамыту мәселелері талқыланды.
тіл Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында өткен «дөңгелек үстел» отырысының қатысушылары «2050 – Стратегиясын» жүзеге асырудың шешуші факторы -мемлекеттік тілдің алар орны мен мәселелері туралы сөз қозғады. Департаменттің бас маманы Роза Берденова өзінің баяндамасында: «Департаменттегі құжат сараптамасы міндетті түрде мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда ресми тілде де жүргізілетінін» атап өтті. Қостанай облысы бойынша Тілдерді дамыту басқармасының тілдерді оқыту орталығының өкілі Гүлнар Толопова мемлекеттік тілдің алдағы дамуы, облыстық әкімдік аталмыш бағытта жүргізген іс-шаралар жайында әңгімеледі. Қазақ тілін оқып үйрену үшін қажетті болатын әдістемелік құралдарға да тоқталды. Департамент қызметкерлері мемлекеттік тілді тұрақты үйреніп отырады. Және мұндай кездесулердің маңызы жоғары екендігін де атап өтті.
 
Айтолқын Айқадамова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓