Улы этанол: тағы 2 адам көз жұмды

Қостанай облысының Полиция департаменті Арқалықтағы қайғылы оқиға туралы жаңа деректерді жариялады.koronavirws-3-3
"Құрметті Қостанай облысының тұрғындары! 3-4 шілдеде Арқалықта 13 адам көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, өлім себебі – жалпы интоксикация аясындағы жедел геморрагикалық панкреатит.  Марқұмдардың пластик құтыға құйылған алкогольдік өнімнен уланғаны анықталды. Осыған ұқсас жағдай Ақмола облысында тіркеліп, 4 адам мерт болған", – делінеді хабарламада.0558982b-1ef4-41cd-9d2c-9c922091ce54
Мәлімет бойынша, тергеу барысын Ақмола облысында спирттік ішімдіктерді құюмен айналысқан цех әшкереленген. Полицейлер үш күдіктіні анықтап, тұтқынға алды. Олардан сату үшін дайындалған өнімдердің жартысы тәркіленген.
"Арқалық полицейлері тергеу жүргізу барысында 4 дүңгіршектен спирт иісі бар 46 литр беймәлім түссіз сұйықтық тәркіледі. Мұның сыртында, бір кәсіпкерден тағы 408 бес литрлік толы құты табылды. Алайда, күдіктілер адамның денсаулығы мен өміріне үлкен қауіп төндіретін тауардың көп бөлігін сатып үлгерген. Қауіпті өнім жасырын немесе базарларда сатылуы мүмкін. Тұрғындардан өндірісі күмәнді алкогольдік өнімдерді сатып алмауларын сұраймыз. Мұндайды көріп-білсеңіз, дереу жергілікті полиция бөліміне хабар берулеріңізді өтінеміз", – деп үндеу жасап отыр департамент өкілдері.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓