Қыздар арасындағы кикілжің – кешіріммен аяқталды
Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты қаланың түнгі клубтарының бірінде төбелескен үш қызға қатысты істі қарады. Жәбірленушіні соққыға жығушылар арасында Қостанай қаласы әкімінің қызы болғандықтан, бұл оқиға көпшіліктің қырағы назарына алынған еді.
Оқиға өткен жылдың желтоқсан айында болды. 24 жастағы И.Ахметжанова мен оның құрбысы Г.Бекмағамбетова «Ля-Мажор» клубында көңіл көтерген. Кеш барысында кос бойжеткен мен 21 жастағы А.Шнайдер арасында кикілжің туады. Ашуға салынған қыздар А. Шнайдерді соққыға жығады. Сот сараптамасының қорытындысы жәбірленуші денсаулығына 3 аптадан аспайтын мерзімге дейінгі жеңіл дене жарақаты жасалғанын анықтадады. Яғни, И.Ахметжанова мен Бекмағамбетова ҚР ӘҚБтК 79-3 бабы 2 бөлімімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.
Сот қарауы барысында жәбірленуші мен айыпталушы бітімгершілікке келіп, құқық бұзушыларға қатысты іс тоқтатылды. Осылайша, Ахметжанова мен Бекмағамбетова жазадан аман қалды.
Махаббат Бекбай