Өртке қарсы оқу шаралары өтті

Өрт қаупі өршитін маусым жақындаған сайын  тілсіз жаумен күресушілер даярлықтарын мейлінше жұмырлай түседі. Жылдағы дәстүрмен биыл да Алтынсарин ауданына қарасты «Арақарағай орманшаруашылығы мекемесі» орман алқабы аумағында жоспарлық оқулар өтті. Бұл төңірек Красный Кордон елді мекеніндегі Шоқарағай бекетіне таяу маңда.Орт
Оқу шаралары барысында «Қостанай облысы әкімдігінің табиғат тұтыныстарын реттеу және табиғат ресурстары басқармасы» ММ, «Қостанай облысы ТЖД-нің өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі»ММ, Қостанай темір жол бөлімшесі, аумақтық өртке қарсы құрылымдар мен аталмыш ауданның жергілікті атқару органдары тізе қосып, өзара әрекетестіктерді пысықтай түсті.
Оқу-үйрену шарасына қатысушылар арнайы ойластырылған апатты жағдайды ауыздықтаулары керек болды. Тарқата айтқанда, әлдеқандай демалушылардың ошақ отын сөндірмей кетуі кесірінен, алаңқайдағы ұшқын орманға тиеді. Ауа райының құбылуы, желдің өршуі нәтижесінде алаудың  Красный Кордон ауылының тұрғылықты алқабына лап беру қаупі пайда болды. Өрт шарпыған ауқым 20 гектарды құрады. Оқиға орнына, дабыл түсісімен, 7 техника мен орман шаруашылығының жұмысшылары келіп жетеді. Дегенмен алаудың аранында қалған  аумаққа  бұл күш жетпейтін еді. Орман шаруашылығы директоры ауданнан және Қостанай қаласынан қосымша көмек шақыртты. Өртті тұмшалап, жою үшін 22 техника және 100 адам жұмылдырылды. 10 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Осылайша, оқу жұмыстары нәтижелі аяқталды.
 
Жандос Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓