Әзірлік – Әмірлік назарында

ТМД елдері арасында тұңғыш рет Қазақстанда ұйымдастырылғалы отырған ЭКСПО-2017 көрмесі әлем назарында. Әсіресе, әлемдік көрмені 2020 жылы өз елдерінде өткізуді жоспарлаған Біріккен Араб Әмірлігі қазақстандықтардың әзірлігін қырағы бақылауға алған. Аталған елден арнайы келген мамандар ЭКСПО-2017 өткізу кезіндегі техникалық жабдықтау және қауіпсіздік шаралары бойынша қазақстандықтардан ақыл-кеңес алуда. 8be9efb9111088d1029a26b9a98ade8a
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы таратқан ақпаратқа жүгінер болсақ, шетелдіктердің қазақстандықтардан үйренері көп екен. Қазақстандық жобаны қызықтай келгендер сәулет пен құрылысқа да ерекше мән беріп отыр. Тіпті, осы бағытта отандық мамандармен келіссөздер жүргізуді де жоспарлапты. Жалпы алғанда, Елордасының маңында жүргізіліп жатқан құрылысқа төрт мыңнан астам адам жұмылдырылған. Олардың 90 %-ы ел азаматтары. Көрме кешенінің ғимараты  BREEM халықаралық эко-стандарттары бойынша сертификатталған.
Керемет көрмені ұйымдастыру мәртебесіне ие болған елдердің арасында ЭКСПО-дан кейін ғимараттарын қалай кәдесіне жаратарын білмейтіндері көп. Мәселен, Оңтүстік Кореядағы Йосу қаласында көрмеге орайластырылып тұрғызылған кейбір ғимараттар қолдануға келмейді. Салдарынан, ауқымды кешеннің тең жарымы қаңырап қалған. Астаналықтар болса, ақша салынып тұрғызылған әрбір шаршы метрді кәдеге жаратуды ойластыруда. ЭКСПО-2017 жобасына жүгінер болсақ, көрменің барлық нысандары қаланың бір бөлігіне айналуы тиіс. Көрме нысандарын жобалау кезінде осыған ерекше мән берілген. Мысалы, биіктігі 8 метр үй-жайлардың қабырғаларында қабатаралық консольдар қалдырылған, бұл оларды қалыпты кеңселерге өзгертуге мүмкіндік береді. Болашақта, алып ғимараттарға компания кеңселері орналасып, ішінара технопарк құрылуы мүмкін.
Жалпы алғанда, ЭКСПО-2017 құрылысының бюджеті  3 млрд АҚШ долларын құрайды. Инвестициялық қаржының көлемі 1,2 млрд. АҚШ доллары шамасында. Жыл аяғына дейін инвестициялық салымның көлемі көбейтілуі ықтимал.  «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы өкілдерінің уәжіне құлақ асар болсақ, жобаның құны көрмеге еш әсер етпеуі тиіс. ЭКСПО-2017 жоғары технологиялық жоба болатындықтан, үлкен шығынды талап етеді. Оған кетер қаржыны – отандық компанияларды құрылысқа жұмылдырудың нәтижесінде үнемдеу мүмкін болуда. Қаржыны тиімді пайдаланудың өзге де жолдары қарастырылған. ЭКСПО көрмесін өткізген елдердің  5 млрд-тан  17 млрд еуроға дейін қаржы салғанын ескерер болсақ, қазақстандық көрменің бюджетті боларын аңғару қиын емес. Әмірліктен арнайы келгендер осы мәселеге ерекше мән беруде.
Өз кезегінде, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы көрмені ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша Милан тәжірибесіне аса қызығушылық білдіруде. 2015 ж. 1 мамырдан бастап 31 қазанға дейін Миланда «Планета азығы, Өмір үшін энергия» атты тақырыппен Дүниежүзілік көрме өтеді. Италиядағы көрмеге Қазақстанның павильоны қойылады.
 
Жұматай Кәкімжанов
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓