Қырылған киіктер саны 5400 жетті
Осыдан бір апта бұрын киіктер қырыла бастаған еді. Ол кезде 1000 бас есептелген еді. Ал демалыс күндерінде бұл көрсеткіш 5 мыңнан асып түсті. Жануарлардың өліксісін санау әлі де жүргізілуде.
Олардың өліміне пастерелез инфекциясы себеп деген алдын ала болжам жасалып отыр. Бүгінгі күні облыс әкімінің орынбасары Базыл Жақыпов басқарған арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына кірген тиісті мекемелер қызметкерлері оқиға орнында тексеру, зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Мамандар киіктер қырылуының нақты себеін табу қажет дейді. Содан кейін оның киіктердің жаппай қырылыуына тосқауыл жасау мүмкін болады. Сонымен қатар аталмыш инфекцияның одан әрі таралуының алдын алу шаралары жүргізілуде. «Алтын дала» қорына бүгінгі күні 30 жуық техника жұмылдырылған.
Мұндай оқиға осыдан екі-үш жыл бұрын болды. Қыстан әлсіреп шыққан жануарлар жаппай қылыған болатын. Бірақ дәл бүгінгідей көрсеткішке жетпеген еді.
Махаббат Бекбай
Масқара, Құдай аясын!!!