Көңілдерге нұр сыйлаған ән кеші

Н.Ахметбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде “Сенім Вера” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандардың “Көктем жырлайды” атты концерті көрермендердің көңілдеріне шаттық сыйлады.
Шараның мақсаты- тадыр тауқыметін тартқан жандардың бойындағы таланттарын кеңінен насихаттап, өнерлеріне қолдау көрсетіп, олардың мүдделері мен құқықтарын қорғау. Бұл жандар өмірдің қиындығына мойымай, ауырпалықтың ағысына қарсы жүзген, сағы сынбай, тағдырдың салғанын көтере білгендер.DSCF5480
“Мен бүгінгі ән кешінде “Асыл құрбым” әнін жан-тәніммен орындап шықтым. Тыңдармандардың қошеметін естіп, өзге бір әлемде жүргендей сезіндім. Кезінде мәдениет саласында көп жылдар қызмет жасадым. Туған жер туралы әндерді шырқағанымда өнер сүйер қауым орындарынан тұрып қол соғатын. Бүгінде сол көрініс қайталанғанда еріксіз көзіме жас келді. Ол кезде дәл бүгінгідей мүгедек емес едім. Бұл да бір тағдырдың жазуы шығар. Қолымыздан келгенше ауданымыздың мәдениетін дамытуға өз үлесімізді қосамыз деп сендіремін”, – дейді әнші Ғалибек Бейсенбаев.
Іс-шараның басы-қасында тыным таппай, ұйымдастырып жүрген аталмыш қоғамдық бірлестіктің төрайымы Ақмарал Досмақова толқынысын жасыра алмады. Оның үміті мен күдігі қатар санасында сап түзеп тұр. Күш-жігерін өнерден тапқан, көңілі алаң, бірақ рухы мықты, өнерге ынтық мүгедек жандарды халыққа таныстырсам, олардың үкілі үмітіне сәуле беріп, қолдау жасасам деген ниетін іске асыруға тырысуда.DSCF5482
Аудан әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров сахна төріне шығып, өнерлерін көрсеткен жандарға алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.Тамаша ән кешінен ерекше әсер алған көрермендер қимастықпен тарқасып жатты.
 
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓