Сүт тағамдарының құнарлығы артады

Облыстағы «Лидер-2010» серіктестігі өндіріс ауқымын ұлғайтпақ. Сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорында жақында жаңа цех іске қосылады.  Соңғы үлгідегі технологиялық желінің басты ерекшелігі – сүт тағамдарының құнарлығын арттырып, сақталу мерзімін ұзартады. moloko_2
Яғни, өнімді алыс өңірлерге жеткізуге жол ашылады. Рудный қаласындағы «Лидер-2010» серіктестігі жылына 5 миллион келіге жуық сүт өнімдерін өндіреді. Өнім Қазақстан бойынша 6000-нан астам сауда орындарында сатылады. 30%-ы экспортқа шығарылады. Кәсіпорынның «Таң» сусыны бүгінде көпшілікке танымал. Чечил, ірімшік, сүзбелері де зор сұранысқа ие. Мұнда бар жұмыс автоматты түрде атқарылса да, әр процесс мамандардың жіті бақылауында.  Жаңа цех алдағы айда іске қосылмақ. 
Өндірістің кеңеюімен өнімділік 70%-ға дейін артады. Қазір мұнда сүт тағамдарының 40 түрі шығарылса, алдағы уақытта ол 50-ге жеткізіледі және жаңа цехтан 30 адам тұрақты жұмыс таппақ.  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓