Болашаққа нық сеніммен!

P1400015

 Барша әлемге таралып, Қазақ еліне дейін жеткен індет, отандастарымызды біраз әбігерге салды. Бір жағынан экономикалық-материалдық, екінші жағынан әлеуметтік, үшіншіден рухани ттынышын алып, әрбір қазақстандық отбасыға келешегіне сенімсіздік ұялатқаны шындық.

Осындай қиын жағдайда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының мәлімдемесі айрықша маңызды. Ол бүкіл салаларға жеке тоқталып, өзекті мәселелерге ерекше көңіл бөлді.

Айта кетсек, әлеуметтік жағдайына қарамастан барлық азаматтарға медициналық көмек көрсетіледі, жұмыссыз қалған жастарды жұмыспен қамту мәселесі қарастырылып, 85 000 теңге көлемінде көтерме ақы төлеу жоспарланып отыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, шағын және орта бизнестің, банктердің жұмысы да назардан тыс қалмады.

Бұл нағыз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың айқын мысалы.

Осы арада, мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп жатқан кезде, біз, қазақ елінің азаматтары тек бірігіп, қолымыздан келетін қарапайым ережелерді ұстануымыз керек деп ойлаймын. Бізден талап етіліп отырғаны осы ғана. Болашағымызды ойласақ, тәртіпке бағынайық.

 

Абылайхан  Кәкенов

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің экономика және құқық институты директорының орынбасары

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓