Татуласу кабинеті ашылды

Арқалық қаласы әкімдігінің ғимаратында «Отбасылық татуласу кабинеті» ашылды.
Аталмыш жобаны іске асыру отбасылық жанжалдарды соттан тыс тәртіппен реттеуге бағытталған. Мұнда некені бұзуды тіркеуге өтініш берген әрбір адаммен әңгіме жүргізіледі. Тараптар қажетті кеңес алады. Неке-отбасы заңнамасынан туындайтын кез келген мәселелер бойынша білікті заңгер көмегіне жүгінуге болады.
Татуласу кабинеті отбасы және отбасылық құндылықтар институтын әлеуметтік қолдау және қорғау мақсатында құрылған.
Ізгі шараның салтанатты ашылу рәсіміне қалалық сот төрағасының міндетін атқарушы Л. Әбішева қатысты. 
Мұрат Жүнісұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓