“Мерейлі отбасы” байқауының жеңімпазы

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың отбасы мәселесіне алаңдаушылық жасап, жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғауды жариялады. «Ананы қорғау, Әйелдерге үндеу мемлекет үшін және менің жеке өзім үшін де ерекше мәселе» деп мән берген Елбасы, ең алдымен, қыздарымыздың тәрбиесіне көңіл бөлуді, «олар болашақ жар, болашақ ана шаңырақтың шырақшылары» деп атады…DSCF5471
Міне осыған орай ауданымызда “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауына үміткерлер қатысып, отбасылық тәрбиелі үлгілері мен қатар өнегелі өнерлерін ортаға салып, бақ сынады. Нәтижесінде Талғат Алматовтың отбасы байқаудың жеңімпазы атанды. Аудан әкімнің орынбасары Түбекбай Ғабсалықұлы жеңімпаз отбасыны аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті. Үздік атанған отбасы облыста өтетін “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауына жолдама алды. Тек қана тілеріміз сәттілік.
 
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓