Қамкөңіл жандар – қоғам назарында

4 - ярмарка вакансий 15.04.14Елбасы биылғы Жолдауында: "Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек.  Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады" деген еді. Жалпы еліміз-де халықты әлеуметтік қорғау бағытында қабылданған заңдылықтарға сәйкес, әрбір мекемеде ең кем дегенде 3 пайыз көлемінде мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыспен қамтылуы талап етіледі. Бүгінгі күні Қостанай ауданында осындай әлеуметтік проблемаларды шешу мақсатында жұмыс тобы құрылып отыр. Ал-дағы уақытта осы мақсатта жүйелі жұмыс жоспары бекітілген. Іргелес IMG_9218ауданға арнайы іссапармен барғанымызда жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Эрина Кусайнова атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасына тоқталды:
– Биылдан бастап "Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020" бағдарламасына мүмкіндіктері шектеулі азаматтар да қатыса алатын болды. Демек, осы күнгі еңбек нарығына сай мамандықты жаңадан игеріп, уақытша ғана емес, тұрақты табыс көзі боларлықтай жұмысқа орналаса алады. Айту керек, бүгінгі күні Қостанай ауданында жұмыссыздық деңгейі жылдан жылға төмендеу-де. Жұмыссыздардың азаюы-мен табысы тұрақты адамдардың қатары артып келеді. Бұл – елде іске асып жатқан бағдарлы әлеуметтік саясаттың арқасы. Үстіміздегі жылдың 1 мамырына  дейінгі мәлімет бойынша, біздің ауданда 1595 мүгедек бар деп есептелген. Оның ішінде 164-і он сегіз жасқа дейінгі балалар. Жақында село окургтерінің әкімдерімен бірлесіп, жұмыс істеуге қабілетті мүгедектер арасында мониторинг жүргіздік. Үшінші топтағы 563 мүмкіндігі шектеулі жандардың 101-інің жұмысқа қабілетті екені анықталды. Жүргізілген кешенді жұмыстар кезінде 24 адам жұмыспен қамтылды. 
IMG_9223Бөлінген қаржы есебінен мүгедектер тифло, сурдоқұралдар, кресло-арбалар, протезді-ортопедиялық құралдар және өзге де қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Аудандық бөлімге қарасты мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелердегі мүмкіндігі шектеулі жандарға стандартқа сәйкес арнаулы              әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
Қостанай ауданы әкімінің мүгедектер мәселесі жөніндегі кеңесшісі Қонысбай Садырбеков мүмкіндігі шектелуі жандарды жұмыспен қамту оң жолға қой-ылғанын жеткізді:
– Көбі мүгедектердің жұмыс істегісі келмейді деп ойлайды. Мүлдем олай емес. Олар еңбекке араласуы үшін алдымен жұмыс берушінің талабына сай болуы тиіс. Бұл дегеніміз мүмкіндігі шектеулі жандарды қажетті салаға оқытып, білікті маман етіп шығару. Біздің жұмыс берушілерге арналған Елбасының үндеуінің негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөліп, оларды қабілет-мүмкіндігіне орай жұмыспен қамтамасыз ету болып отыр. Мұндай ізгілікті іс-шаралар жыл бойы жалғаса береді, – дейді.
Қостанай ауданы әкімі Ахмедбек Ахметжановтың бастамасымен биыл 25 сәуір күні мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу ұйымдастырылған екен. Жиын соңында мүгедек азаматтардың ұсыныстары, өтініштері мен ескертулеріне қатысты бірқатар шаралардың жоспары да бекі-тілген. Эрина Кусайнова қазір солардың басым бөлігі, әсіресе, су құбырларын жүргізу, газ құбырларын тарту, мерзімді басылымдарды жаздырып беру қатарлы мәселелердің орындалып жатқанын жеткізді:
– Өңірімізде еңбек құқығын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жұмыс орындарынан 3 пайыздық квота беру туралы қаулы қабылдады. Ал мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша басқа да атқарылып жат-қан жұмыстар аз емес. Жыл басынан бері бос жұмыс орындарына қабылдау туралы екі жәрмеңке өткен болса, оның біреуі "Нұр Отан" партиясымен бірге ұйымдастырылды. Осы жәрмеңкеде еңбек еткісі келген 132 адамның 24-і мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Осы мүгедек жандардың 22-сі жергілікті серіктестіктерге, шаруа қожалықтарына, қоғамдық жұмыстарға орналастырылды.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓