Ученің үш добы

Сенбі күні Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Талдықорғанның «Жетісуын» қабылдады. Матч күн райының қолайсыздығына байланысты 1 сағат кеш басталды. Бұл уақытта толассыз жауған бұршақ аралас жаңбырдан жасыл алаң тазартылып үлгерді.2094
Қос қарсылас арасындағы кездесу өте тартысты өтті. Әсіресе, алаң иелері «Жетісу» футболшыларын  өз айып алаңдарына қарай тықсырып, жиі шабуылдарға жол ашты. Нәтижесі де жаман емес, Ойынның 37-ші минутында Огнен Красичтің берген пасын Уче Калу әдемі голға айналдыра білді. Бірінші тайм аяқталар тұста Калу тағы көзге түсті. «Жетісу» қақпашымымен бетпе-бет шыққан қостанайлық футболшы таблодағы есепті чөйтіп 2:0-ге жеткізді. Қонақтар да қарап қалмады. «Тобыл» қорғаушылары мен қақпадан тысқары шығып кеткен Александр Петуховтың қателігін бірден сезген Душан Савич есе қайтарды. 71-ші минутта Уче Калу ұшінші голдың авторы атанып, командаластарын жеңіске бастады. Маңызды үш ұпайға қол жеткізген жерлестеріміз турнир кестесінде 14 ұпаймен сегізінші орынға көтерілді. Енді қостанайлықтар 24 мамыр күні Көкшетауға қонаққа барады.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓