Мақсат – мал шаруашылығын мандыту

     Мал шаруашылығынан нәсіп терген кәсіпкерлер қыс қытымырын өткеріп, төрт түлігіне жазғы тұрақ әзірлеру жұмыстарына кіріскен. Қыраукөз қыс биыл шаруаларға аса қысылтаяңдық танытқын жоқ. Өңірдің мал шаруашылығы саласында мал мен құстың барлық түрі бойынша өсім санының тұрақтылығы соның айғағы.
     Мәселен, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, ІҚМ саны 3,5 %-ға, яғни 14,5 мың басқа артқан. Ал, шошқа саны 3,2 %-ға ұлғайса (5 мың бас), жылқы басы 6 мыңға артып, 6,8 %-ды көрсетті. Үй құстары 20,2 мың басқа көбейген. Бұл – ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанындағы санақ нәтижелері.Животноводство
     Осы жылдың үш айында қожалықтың барлық деңгейіндегі сүт өндірісі 4%-ға, ал жұмыртқа өндірісі 31%-ға ұлғайған. Мұнымен қоса, керісінше, ет өндірісінің 3%-ға төмендегенін айта кету керек. Атап айтқанда, ет өнімі Қарасу ауданында 709 тоннаға, Таранда 218,7 тоннаға құлдыраған. Сондай-ақ ет өндірісін Жіріқара өңірі 16 %-ға, Ұзынкөл ауданы 10,4%-ға Денисов 6,8 %-ға төмендеткен болса, алтынсариндік шаруалар жылдағы көрестікштен 6,7%-ға ұтылған. Наурызым ауданында да өндірістің 5,1%-ға азайғаны байқалды.
     Алайда ауылшаруашылығы құрылымдарында ІҚМ басы, өткен жылмен салыстырғанда, 10 мыңға дейін артты. Бүгінде 946 қожалық 178 мыңнан астам ірі мал ұстап отыр.
     Алдын ала қабылданып отырған шаралар алғашқы жартыжылдықта еттің барлық түрінің өндірісін 54 мың тоннаға, сүтті 231 тоннаға, ал жұмыртқа өндірісін 260 данаға көбейтуді көздейді. Мұндағы мақсат – жыл соңына қарай өндірісте жол берілген кемшіліктердің орнын толтыру.
     Мал шаруашылығын мандытуға мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламаларға жергілікті кәсіпкерлер биыл да қатысты. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша бүгінгі таңда 390 ІҚМ табынға қосылды. Әлі де ауылшаруалық құрылымдарының  1003 ІҚМ иелену жөніндегі өтініштері қаржылық институттардың қарауында жатыр.
                                                                                                                                Жандос Жүсіпбек

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓