Нан қымбаттауы мүмкін
Бұған дейін баға қанша құбылса да нан бағасы еш өзгеріссіз қалған. Енді оны ұстап тұруға ешбір негіз жоқ. Облыс әкімі Н.Садуақасов осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, өзге өңірлерге қарағанда біздің облыста нан бағасы өте төмен. Бұл өз кезегінде кәсіпорындарға біраз салмақ түсіріп келгені жасырын емес. Сондықтан нан бағасы жақын күндері 4 теңгеге қымбаттауы мүмкін. «Біз бұл туралы көптен бері қозғап жүрміз. Дегенмен, былтыр да, биыл да баға сол күйі қалды. Республика бойынша біздегі нан бағасы көп төмен. Осыған байланысты барлығын есептеп шығарып, меморандумға сәйкес бағаны көтеруге тапсырма беремін. Жағдайды жан-жақты саралаңыздар. Мәселені бірінші тоқсаннан кейін шешетін боламыз»- деді облыс әкімі.
Айбек КӘДІРҰЛЫ