Қысқа дайындықтың құны 10 миллиард теңге
Биылғы жылу беру маусымына дейін облыс бойынша 16 шақырымнан астам жылу және 82 шақырым су және канализациялық желі, 1879 км электр желісі жөнделмек. Тобыл өңірінің коммуналдық кәсіпорындары үшін 504 мың тонна көмір дайындалады. Сонымен қатар мамандар 102 жылу қазандықтары, 733 автономды жылу беру жүйесін тексеріп, қысқа жарамдылығын бағалайды. Әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлердің сақадай сай болуы басты назарда.
Ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап барлық қалалық және облыстық жылумен қамтамасыз ету кәсіпорындары жылу мөлшерін дифференциялды есептеу жүйесіне көшірілді. Жылу есептегіштерін орнатқан тұтынушылар өз қаражатын үнемдеп қалмақ.
833 есептегіш орнату үшін 562 млн.теңге бөлініп отыр. Тағы 250 құрал тапсырыс берушілер мен тұрғындар ақшасына қойылады. Сонымен қатар, жергілікті бюджетпен несиелендіру де қарастырылған.
Махаббат Бекбай