Автоэкспедиция Қостанайға келді

            ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Арша» медиастудиясы және «Хабар» агенттігі бірігіп «Экспедиция 25» жобасын іске асыруда. Шара аясында байтақ еліміздің барлық өңірлері қамтылып, сәулеті келіскен ерекше ескерткіштер, табиғаты тамсандыратын тамаша өлкелер және мемлекет дамуына сүбелі үлес қосқан тұлғалар кеңінен насихатталады.
Экспедиция мүшелері екі ай бұрын жолға шыққан. Олардың сапары Оңтүстік Қазақстан облысынан басталды. Жақында «Экспедиция 25» тобы Қостанайға келді.0ac7752b06f6859e7c9c00f0a2fd579b
– Біз осы жоба арқылы Қазақстанда бірнеше туристік орта қалыптастырғымыз келеді. Сол себепті, әр өңірге аялдап фото, бейнежазбаға түсіріп жүрміз. Әрине, біздің елімізде көзтартарлық жерлер өте көп. Шет елдерге шықпай-ақ, өз елімізде саяхаттағанға не жетсін – дейді жобаның координаторы Мәдина Жандарбекова.
            Жобаның мақсаты – табиғатқа аз шығын, қоғамға және мемлекетке едәуір пайдасы бар ішкі туризмді дамыту бағдарламасын ілгерілетуге атсалысу.
            Экспедиция өкілдері «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасын, «СарыарқаАвтоПром» АҚ, Ыбырай Алтынсарин атындағы мұражайды, Науырзым қорығын аралады.
 
Қасқырбай Қойшыманов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓