Қаңтар қаулысы: Тобыл қаласы пайда болды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кентін аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу және оны қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

zatobolsk

Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кентін аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу және оны қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кенті аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын.

2. Затобол кенті Тобыл қаласы болып қайта аталсын.

3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 2 қаңтар № 235

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓