ЕРЛАН ОМАРОВ – «ҚОСТАНАЙ ҚЫРАНЫ»!

Бүгін Қостанай ауданындағы «Астана» спорт кешенінде «Қазақстан барысы» турнирінің Қостанай облысындағы іріктеу жарыстарының III кезеңі өтті. Жарыстың I-ІІ кезеңіне қатысқан 2 888 балуанның ішінен 20 балуан облыстық іріктеу жарыстарына жолдама алған болатын. 11258994_1561275687469713_805278146_n ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін өткізілген "Қостанай  қыраны" жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Турнир үш күнге созылды. Алғашқы күндері балғын балуандардың арасында облысымыздың «жас қырандары» анықталды.11257649_1561275690803046_2135399328_n
Ал «сен тұр, мен атайын» алыптар жарыстың соңғы күні боз кілемге шықты.  Бірінен-бірі асқан сақа палуандардың арасынан Наурызым ауданынан келген Ерлан Омаров озды. Ол финалдық күресте елімізге танымал қостанайлық Максим Герберді ұпай санымен ұтып, "Алтын белбеудің" иесі атанды. Сөйтіп, "Қостанай қыраны" атанған палуанға 500 мың теңге табыс етілді. Сонымен "Қазақстан барысы" жарысына Қостанай облысынан Ерлан Омаров пен Максим Гербер баратын болды.
 
Қасқырбай Қойшыманов
Суретті түсірген Аслан Қанғожин

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓