Қос мерекені бас қалада қарсы алды

Астана қаласында ҚР Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 70 жылдық құрметіне орай ұйымдастырылған мерекелік шараларға сарыкөлдік соғыс ардагері Павел Черепахин де қатысып қайтты.Павел Черепахин (2)
Облыс бойынша 17 ардагердің бірі болып барған біздің жерлесіміз өзімен бірге көптеген сыйлықтар әкеліпті, ең бастысы Астанадағы жарқын сәттерден алған әсері зор. Сондай-ақ, ол өзін соғыс жеңімпаздарының қатарында болып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты жақыннан көргені үшін бақытты адам санайды.
Әсіресе, Павел Дмитриевичке Қостанай темір жол вокзалынан шығарып салу мен Астанадан жанды аспаптармен қарсы алу сәті өте қатты ұнапты. Оған қоса Отанымыздың жүрегінде өткен концерттер, «Хазірет Сұлтан» мешітіне, мұражайларға саяхат, ресми қабылдаулар және салтанатты кешкі астар, жаңа танысу және жарасымды әңгіме, яғни төрт күннің ішінде болған керемет сыйлардың бәрі-бәрі ардагер үшін ерекше сәттерге толы. 89 жастағы ол осыдан алған ерекше күш-қайрат, көңіл күйдің арқасында бір жасап қалғандай…
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.     

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓