Абзал азамат

Киелі Торғай жерінің Қаратал қонысында 1924 жылы 24 мамырда Сәрсен Мырзағалиұлы ағамыз жарық дүниеге келген. Ауылда өсіп, ер жетіп, 7 жылдық мектепті бітірді. 1942 жылы 18 жасында Кеңес Армиясы қатарына алынып, Екінші дүниежүзілік соғысқа аттанды.
Екі жылдай қанды шайқастарға қатысып, аяғынан ауыр жараланған ол, 1944 жылы екінші топтағы мүгедек болып елге оралды. Соғыста көрсеткен жанқиярлық ерліктері үшін Бірінші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және бірнеше майдангерлік медальдармен марапатталған.
Сол шақта барлық ер азаматтар соғысқа алынып, елде тек шал-кемпір, бала-шаға қалған. Олар колхоздың жұмысын істеуге мәжбір болды. Бәрі «Отан үшін» деген ұранмен күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей жұмыс істеді. Кадр жоқтығы ғой, Сәрсен ағайды «Сенің 7 кластық білімің бар» деп бірден Қазалы бастауыш мектебінің директоры етіп тағайындайды. Бұл кезде Сәрсен ағай елде Саға, Қаратал, Албарбөгет бастауыш мектептерінің меңгерушісі болып жүріп, Меңдіқара педучилищесін сырттай оқып бітірді.Одан кейін Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) филология факультетіне оқуға түсіп, жоғары білімді дипломы бар ұстаз атанды.
Сарсен Scan_13.04.2020
1950 жылы елдегі үлкен өзгерістерден кейін ұсақ колхоздарды біріктіріп, совхоздар құрылды. «Сарықопа» қорығын айнала мекендеген 5 колхоз қосылып, «Қызбел» атты кеңшар болды. Сол совхоздың тұңғыш ұйымдастырылған кәсіподақ комитетінің төрағалығына аудан басшылары іскер ұйымдастырушы, жоғарғы білімді деп Мырзағалиұлы Сәрсенді тағайындады. Бұл жұмысты ағамыз өзінің аурусырқауына қарамай абыроймен атқарды.
Сәкеңнің іскер ұйымдастырушы екенін көрген аудан басшылары оны шаруашылықтары кенжелеп қалған совхоз бөлімшелеріне жіберді. Ол Саға, Құмшық, т.б. кеңшарлардың (жұмысын жолға қойып, бірталай уақыт) зейнеткерлік демалысқа шыққанша еңбек етті.
Майдангер 1997 жылғы 5 ақпанда дүниеден өтті. Оның азаматтығын, адамгершілігін, адал, ақкөңіл жан екенін ел біледі.
Ағамыз бен Зибагүл жеңгей 3 ұл, 3 қыз сүйді. Балалары ер жетіп, отбасын құрып, өз алдарына бір-бір үй болды. Қазіргі кезде бұл балалардан туған ағамыздың 25 немересі бар, ал олардан туған шөберелер қаншама, бір қауым ел.
Таңатқан
ДОСМАҒАМБЕТҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓