Ерлік шежіресі

Осыдан дәл 75 жыл бұрын, 1941 жылғы 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталған еді. Адамзат тарихындағы қасіретке толы төрт жылда 27 миллиондай адам құрбан болған. Қан майданда біздің батыр бабаларымыз жау қолын тас-талқан етіп жеңіп, Ұлы Жеңіске қол жеткізді. Арада ұзақ жыл өтсе де  жауынгерлердің ерліктерін ұрпағы паш етіп, даңқына даңқ қоса түсті. Ер есімін ел есінде сақтауға үндейтін бірегей жоба бүгін Қостанай қаласында мәреге жетті. Ол  Қостанай облысының Әскери даңқы кітабының тұсаукесері болатын. Аталмыш іс-шараның дәл осы күні өтуі де бекер емес.IMG_1472
Достық үйіндегі тұсаукесер боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды. IMG_1449
Кітаптың материалдарын жинақтауға және баспадан шығуына атсалысқан азаматтар қатысып, «Қостанай облысы Әскери даңқ кітабы» эстафетасының жүзеге асуы туралы баяндады. Ауқымды жобаның іске асуына облыстық ардагерлер кеңесі, облыстық ішкі саясат басқармасы мен өңірдегі мұрағат және құжаттама басқармасы үлес қосты. Эстафета аудан, қаланы аралап, құнды деректер жинады. Ел ішінен жиналған мәліметтер кітапқа кіріп, мәңгілік ескерткішке айналды.IMG_1417
 
IMG_1442Марат Жүндібаев,
 Қостанай облысы әкімінің орынбасары.
– ҰОС-дағы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы ерекше атап өтілді. Мерейтой аясында «Қостанай облысының Әскери даңқ кітабы» эстафетасы бастау алды. Қолдан-қолға өтіп, облыс аумағын аралаған эстафета құнды деректерді жинады. Соның нәтижесінде қостанайлық соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері  туралы тың деректер кітапқа еніп отыр. Ержүрек батырларымыз туралы бұған дейін «Боздақтар», «Олар жеңіспен оралды», «ҰОС жылдарындағы қостанайлықтар» т.б бірнеше жинақ шықты. Мұндай жобалар облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен жасалды. Тағылымды шараларға жергілікті әкімдіктер қолдау білдіргенін атап өткен жөн. Сонымен қатар, облыстық ішкі саясат басқармасы мен облыстық архив және құжаттама басқармасының еңбегі оразан зор.
 
IMG_1456
 
Кенжебек Укин,
облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
-Ұлы Жеңістің 70 жылдығына дайындық жұмыстарына арналған ғылыми-практикалық конференцияда  «Қостанай облысының әскери даңқ кітабын» жасау туралы сөз болды. Бастама көпшіліктің қолдауына ие болып, эстафета облыстың барлық ауыл, аймағына табысталды. Жиналған материалдарды зерделеу барысында қосымша деректермен таныс болдық. Бұған дейінгі жинақтарға есімдері кірмей қалған ардагерлер туралы құнды мәліметтерге қол жеткіздік. Осылайша, Қостанай облысының Әскери даңқы кітабын басып шығаруға келістік.
 
 
Қымбат Досжанова.
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓