Қызметі төмендетіледі
Тәртіптік кеңестің кезекті отырысында Арқалық қалалық әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі Дархан Хамзиннің ісі қаралды.
27 наурыз күні Д.Хамзиннің иелігіндегі қызметтік көлікті жол-патруль қызметкерлері тоқтатқан. Масаң күйде көлікті дер кезінде тізгіндеп үлгермеген бөлім басшысы қалың қарға сүңгіп кетіп, мемлекеттің меншігіндегі машинаны майыстырып алады. Қысқасы, шенеуніктің ісін қарауға осы шағын көрініс себеп болып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің тәртіптік кеңесінде Дархан Хамзиннің лауазымын төмендету туралы ұсыныс етілді. Ол өзінің мінез-құлқымен мемлекеттік қызметкердің этикасы Кодексін бұзды деп есептеліп, кеңес мүшелері қызметінен босатуға кеңес берген. Алайда, бөлім басшысының жастығы, албырттығы ескеріліп, тәртібін түзеуге тағы бір мүмкіндік берілді.
Д.Хамзин бұған дейін мас күйінде рөлге отырғаны үшін үш жылға көлік жүргізу құқығынан айрылған болатын.
Айбек КӘДІРҰЛЫ