Бас прокуратура басу айтты

Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев 9 мамырда заңсыз митингке шақыратындарға қатысты қазақстандықтарға үндеу жариялайды, – деп жазады Тengrinews.kz.12747244_1002871949785649_8257678244962227189_o_3
"Бас прокуратура бұған дейін де мұндай заңсыз акцияларды ұйымдастырған және оған қатысқан үшін жауапкершілікке тартылатынын ескерткен. Алайда кейбір азамат құзыретті мемлекеттік органдар қызметкерлерінің ескертпесін елемей, заңсыз митингке шықты. Олар сол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың құқыққа қайшы әрекеттері салдарынан азаматтардың демалысы мен тыныштығына қатер төне жаздады. Осыған байланысты, заңды тәртіппен белгіленген тәртіп бұзушылыққа, митинг ұйымдастыру және өткізуге жол берілмейтінін жеткіземіз", – деді Б.Дембаев.
Ол атап өткендей, құқықбұзушылыққа кінәлілер заң алдында қатаң жауапкершілікке тартылады. Қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамсыздандыру, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау мақсатында, Бас прокуратура қазақстандықтарды арандатушылыққа алданып қалмауға және елдің заңын бұзбауға шақырады.
Естеріңізге салсақ, Бас прокуратура бұған дейін де ел азаматтарына үндеу жариялаған-тын. 29 сәуірде ведомство санкцияланбаған акцияны ұйымдастырған, оған өзгелерді шақырған, қатысқан адамдар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша жауапкершілік арқалайтынын айтып, ескерту жасаған.
Бұған дейін ардагерлер ұйымы 9 мамыр мерекесін саяси дақпырт пен митингтер үшін қолдануға жол бермейтіндерін айтқан еді. Ал ІІМ "Мәңгілік даңқ – Бессмертный полк" шеруі кезінде қауіпсіздік шараларын барынша күшейтетінін мәлімдеді. 6-12 мамыр аралығында ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызмет етеді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓