Көлік ұрлаушы құрықталды

Аманқарағай поселкілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері 23 жастағы көлік ұрлаушы азаматты қолға түсірді. Аталған елді-мекенге ол мейман болып барған. Қостанай қаласының тұрғыны «ВАЗ-2106» маркалы темір тұлпарды тақымға баспақ болған. Аулада қараусыз тұрған кбірден көзіне түскен. Ұры қаскүнем жоспарын, күннің батуын да күтпей, тапа-тал түсте іске асырған.1363062490_-kz
Қылмыскер көп ұзамай құрықталды. Ал оның шын мәнінде ұрлыққа қатысы барын дәлелдеуге қылмыс орнында қалдырған айғақтар, яғни аяқ киім ізі мен темекі тұқылдары себепші болды. Қуанышқа қарай, автокөлік иесіне сау қалпында қайтарылды.
Айта кету керек, «ВАЗ-2106» маркасы – ұрылар көп олжалайтын көліктердің бірі. Тәртіп сақшыларының сөзінше, ескі машиналарды көп жағдайда, серуендеу үшін айдап кетеді екен, сондай-ақ, қылмыскерлер көлікті бөлшектік саудаға салуды да мақсат тұтады. 
 
Жандос  Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓