Орман өртіне қарсы тұру

Өткен жылы Қостанай облысы бойынша 26 орман өрті болды. «Тілсіз жау 970 гектар жасыл желекті жалмап өткен. 3 мың текше метрді құрайтын орман түгел жанып кетті. Келтірілген шығын көлемі 3 млн.600 мыңнан асты» – дейді Қостанай облысының орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бас маманы Ерлан Әлімов. 32556_html_m77c6b692
Сәуір айынан бастап орман өрті қауіпі жоғарлайды. Осыған байланысты,  Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының мамандары Тобыл өңіріндегі орман шаруашылықтарын осы кезеңге дайындығын тексеруге кірісті. Айтулы шара   20 наурызда басталды, 10 сәуірге дейін жалғаспақ. Орман шаруашылықтарына қойылатын басты талап өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау, оның алдын алуға қатысты іс-шаралардың уақытында жүргізілуі.
Жаз келе табиғат аясында тынығуға шығатындар көбейеді. Уақытты жақсы өткізгісі келетіндердің қоршаған ортаға залал келтірмеуді ойлайтындары аз. Салғырттықтың салдарынан, төтенше оқиғалар болып жатады. Өткен жылдың өзінде ғана,  адамдардың немқұрайлылығынан бір ағашты алқап өртенген еді.3d7287f1ae5857f12106b42bcc04b14e
Апаттың алдын алу мақсатында,  тұрғындармен кездесуге кіріскен орман инспекциясы мамандары азаматтарға табиғатты қорғау заңнамаларына сәйкес қолданылатын жазаны да тілге тиек етіп өтеді. 
Ағашты алқапты өрттен сақтап қалу мақсатында кезекшілік топтар құрылады. Олар белгіленген бағыттар бойынша, азаматтар көп жиналатын тынығу лагерлерінде, орманды алқап арқылы өтетін темір және  автокөлік жолдары маңын тексереді. Сонымен қоса, тікұшақпен аумақты шолу жүзеге асырылуда. 
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓