15 заңсыз қару тәркіленді
Полиция қызметкерлері «Қару» республикалық жедел-профилактикалық іс-шара аясында рейд жүргізуде. Өңірде 63 жедел топ жұмыс істейді. Сегіз мыңнан астам азаматтық қару иелерін тұрғылықты жері бойынша тәртіп сақшылары тексерді. Жедел алдын алу шарасының 16 күніне дейінгі аралықта 1070 рейд өткізілді. Полиция қызметкерлері 782 шалғайдағы шаруа қожалығы және жайылымдарды, бақша қоғамдастықтарын тексерді.
Операция барысында, облыста заңсыз айналымнан полицейлер 15 қаруды, оның ішінде бір электрлік қаруды, ойық және тегіс ұңғылы қаруға 99 патроны тәркіленді. Қарасу ауданында 29 жастағы тұрағынынан ТОЗ-8 калибрлі тіркелмеген мылтық табылды. Жетіқара ауданында 49 жастағы ер адамнан шағын калибрлі мылтықтан 50 патроны тәркіленіп алынды. Сонымен қатар, 122 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды: Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаудың 14 фактісі, 83 иесі қаруды сақтау, алып жүру және тасымалдау ережелерін бұзған, 25 азамат тіркеу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Қостанай қаласында 6 тегіс ұңғылы қаруды және бір газды қаруды тұрғындар өз еркімен тапсырды, 8 қару иесінің рұқсат күшін жойды.
Еске сала кетейік, Қостанай облысында суық қаруды қолдану және ескерту бағытында 17 мамыр мен 17 маусым аралығында жедел алдын алу шарасы өтуде.
Аружан ЕРҒАЛИЕВА,
ҚӨУ-нің 2 курс студенті.