Онлайн сот отырысы

Қостанай облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотында онлайн режимдегі отырыс өтті. Алқа билердің қатысуымен болған процессте 1988 жылғы Д.Дресвяниннің және 1987 жылғы Д.Михальцовтың ісі қаралды.онлайн-процесс СМУС
Арқалықтағы куәгерлердің облыс орталығына келу мүмкіндігі болмағандықтан сот «Skype» арқылы олардан  жауап алды.
Дресвянин Арқалықта тұрып жатып қылмыскерлер арасында беделді Тюрешевпен танысқан. Содан 2008 – 2014 жылдар аралығында Тюрешев Дресвяниннің ақша мен жылжымайтын мүлікті бопсалау ісінде туындаған мәселелерін шешуге қолдау көрсетіп отырған. Ал көрсеткен көмегі үшін Дресвянин Тюрешевқа ақша берген, үй құрылысында тер төгіп, оның жеке тапсырмаларын орындап жүрген. Қарсылық білдірген жағдайда Тюрешев күш көрсетіп, психологиялық қысым жасаған.
Өткен жылдың қараша айында екеуінің арасында кикілжің туындайды.  Тюрешев Дресвянинді жұдырықпен бір салады. Бұған кек сақтап қалған айыпталушы оны өлтіруді ойлайды.
Арам ойын жүзеге асыру үшін сотталушы гараждағы аңшылық мылтықтың аузын және шүйдесін кесіп алып тастайды. Сөйтіп қаруды өзімен бірге алып жүреді.  
2014 жылдың 27 қарашасында Дресвянин Тюрешевтің үйне келіп, оны атып өлтірген. Бұл кезде пәтерге Тюрешевтің жұбайы келіп қалған. Әйелге 17 жерден пышақ салған. Алған жарақатынан ол сол жерде көз жұмған. Одан кейін сотталушы пәтерден 6 мың доллар, 100 рубль және ұялы телефонды алып кеткен.
Михальцов атты досына келіп, өліктерді жасыруға көмектесуді сұрайды.  Осылайша екеуі гараждың жертөлесіне әкеліп тығады.
Бүгінгі күні сотталушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше баптары бойынша айып тағылуда.
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

1 Response

  1. Ахмет айтты:

    Кто видел лицо обвиняемого Дресвянина, у него сразу возникнет аналогия с печально известным убийцей серийным убийцей Чикатило. А бы самого Дресвянина я бы назвал "Аркалыкским Чикатилой",который  предательский сзади выстрелил в затылок Тюрешеву Х.Р. и нанес 17 смертельных ножевых ранений  его жене Айгуль.
    И меня поражает, что находятся люди, которые сочувствуют «Аркалыкскому Чикатило", и которые пытаются оправдать его преступные действия.
    Даже представить себе теоретический тяжело, что этого, если его так можно назвать, человека могут оправдать.
    Пожелаю тем, кто сочувствуют ему, чтобы нашелся такой же Дресвянин-Чикатило, который бы также со спины застрелил их отца, брата, мужа, и зарезал мать, сестру, жену, и затем сбросил их тела погреб гаража с водой.
    Может быть после этого ужаса, они перестанут сочувствовать таким преступникам, и находить им оправдание.
    Таких людей как Дресвянин выпускать на свободу ни в коем случае нельзя. И жаль, что у нас в стране нет электрического стула, как вида смертной казни, чтобы поджарить его. 

     

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓