Карантин кезіндегі тәртіп
Карантин кезеңінде автокөлік жүргізушілеріне «Сергек» камералары бойынша айыппұл қалай салынатыны түсіндірілді.
Полицейлер тоқтату кезінде «Сергек-күзет» базасына жүргізуші мен көлік деректерін: ЖСН, көліктің мемлекеттік нөмірін және жүргізушінің айтуы бойынша нақты тұрғылықты жері мен жұмыс орнын енгізеді.
Тексеру қорытындысы бойынша негізсіз жолға шыққан жағдайда (азық-түлік пен дәрі-дәрмектер сатып алуға баруды қоспағанда, бекітілген бағдарды негізсіз бұзу) тәртіп бұзушыларға бір рет ескерту жасалады. Егер жүргізуші екінші рет тәртіп бұзған болса, 10 АЕК айыппұлдан бастап, 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.
Қазіргі уақытта полиция карантиннің алғашқы екі күнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, күн сайын «жұмыс – үй» қағидаты бойынша автокөлік жүргізушілерінің деректері енгізілуде.