Жарылғыш зат табылды
Қостанай облыстық Ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері санкцияланған тінту жұмыстарының барысында Рудный тұрғынының үйінен танкіге қарсы қолданылатын граната тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД-нің ҰҚҚК басқармасы бастығының міндетін атқарушы Бахтияр Бабағалиевке сілтеме жасап.Полиция қызметкерінің мәліметтеріне қарағанда, Рудный тұрғынын тәртіп сақшылары қаладағы фирмалардың бірінің директорынан 15 мың долларды бопсалау барысында қолға түсірген.
«Полиция қызметкерлері күдіктінің үйін тінту кезінде танкіге қарсы қолданылатын «РПГ-22» гранатасын тапты. Ол қолдануға жарамды болып шықты. Сонымен қатар олар 7,62 мм 2 оқ тапқан»,-деп толықтырды Б.Бабағалиев.
45 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның өзге қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Осы кезде полиция қызметкерлері аталған факті бойынша, сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде.