Жедел штабтың кезекті отырысы өтті
Бірінші компонентпен вакцинациялауды 346 500 адам, екінші компонентпен 329 330 адам алған. Сондай-ақ, жүкті және бала емізетін әйелдерді, сондай-ақ 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді вакцинациялау жалғасуда. Бұдан басқа, 10 қаңтардағы жағдай бойынша 37 922 адам қайта вакцинацияланды, осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
2022 жылғы 5 қаңтардан бастап енгізілген ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №56 қаулысына сәйкес шектеулер енгізілді. Сонымен, жұмыс күндері және демалыс күндері сауда-ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне кіруге қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болған жағдайда, жұмыс режимі бойынша шектеусіз рұқсат етіледі.
Облыста коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, алайда «Omicron » әлемнің 130-дан астам елінде, оның ішінде Қазақстан Республикасында да анықталды. Облыс басшысы бұл штаммтың жұқпалылығы мен таралу жылдамдығы «Дельта» нұсқасынан бес есе жоғары екендігін атап өтті. Вакцинация және ревакцинация қарқынын арттыру халықтың иммундық қорғанысының тиімділігін арттыруға және ауруханаға жатқызу деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Отырыс қорытындысы бойынша қала және аудан әкімдеріне халықты вакцинациялау және қайта вакцинациялауға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.