Сарыкөлдіктер Жеңіс күнін тойлауда
Бүгін – мереке! Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 70 жыл. Бұл күнді аса қуанышпен қарсы алуға асыққан аудан тұрғындары орталық алаңға ағылды.

Олар – Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай орталықтағы «Жеңіс» алаңының кіреберісіне соғыстан естелік ретінде қойылған «40-оқпанды» ЗИС-5 жүк машинасы,
ЗИС-3 зеңбірегі және дүркін от шашатын БМ-13 «Катюша» реактивтік жүйесін аса қызығушылықпен тамашалауда.
Жеңіс нышанына айналған әскери техникалар Ұлы Отан соғысында неміс-фашистерді талқандауда зор рөл атқарған.
Бүгінде біздің Сарыкөлге сән бере түскен бұл техникалар Новосибирск қаласынан
«Сарыкөл» қоғамдық қоры мен сарыкөлдіктердің және «Нұр-Айгер-СК» ЖШС-нің директоры Серікбай Жұмағұловтың
қаражаты есебінен әкелінгенін айта кеткен жөн.






Дәл қазір орталық алаңда мәңгілік алау маздап, Жеңіс туралы әндер шырқалып тұр.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.