Жекешелендірілмеген кәсіпорындар таратылады

Облыс бойынша жекешелендіруге жататын 26 нысан бар.  Соның ішінде биыл 11 кәсіпорын сатуға қойылды. Олардың тек 7 ғана жеке меншік иелікке өтті. Бұдан 21 миллион теңге өндіріліп алынды. 1430388120_Privatizaciya_650x330
 Ал өткен жылы 8 субъекті сатылмай қалған.  Болашағы шешілмеген нысандар биылғы жылға ауыстырылды. 2015 жылдың төрт айында саудаланған  үш кәсіпорын әлі де өз иесін тапқан жоқ. 
 Облыс әкімінің орынбасары Евгений Аманның айтуынша жергілікті билік өкілдерінің мемлекеттік активтерден айрылмауының салдарынан  жекешелендіру  іс-шарасы тұралап қалды. Мәселен, аудандық және қалалық бұқаралық ақпарат құралының 50% үлесі саудаға қойылған. Бірақ оларға иелік етуге ниет білдіргендер болмаған. Ал ірі коммуналдық кәсіпорындар бағасының қымбаттығынан жеке меншікке өтпей отыр. 
Алдағы екі жылда иесін таппаған кәсіпорындар таратылуы ықтимал. Мұндайды болдырмауды жөн көргендер саудасының сәті түспеген нысандардың бағасын төмендетуді ойластыруда. 
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓