Несие алсам деп едім…
Менің бұл мәселемді айтпаған жерім қалмады. Жеке шаруашылығымды дамыту үшін жұрт қатарлы үкіметтен беріліп жатқан жеңілдетілген несиені алғым келеді. Үш жылдан бері соңына түсіп шаршадым. Бизнес жоспар жасап, қаншама құжат дайындаймыз. Оның бәрі қыруар ақша. "Сертификат керек" дегесін өзіме, әйеліме, балама дейін алдық. Барлығынан қайран жоқ. Жеме – жемге келгенде "Несие тарихыңыз бүлінген" деп шығарып салады.
Мәселенің мәнісі мен осыдан 6 жыл бұрын БТА банктен несие алып, содан белгілі бір себептермен "просрочка" болған. Кейін бәрін өтедім. "Қарызы жоқ" деген анықтаманы апарып берсем де болмайды.
Банкке қоятын кепілдігім техника, үй – жай бүкілі жеткілікті. Қалада дүкен ұстаймын. Шаруашылықта 30 бас ірі қара, 80 бас ұсақ мал, 5 бас жылқы өсірілуде. Төрт адамды жұмыспен қамтып отырмын.
Тіпті, "Сізге енді өмір бақи несие берілмейді" дейді. Қылмыс жасағандардың өзі амиссияға шығып жатады емес пе? Елімізде түрлі легелизациялар болып жатыр. Басты мақсат кәсіпкерлікті дамыту екенін еңбектеген балаға дейін біледі. Өмірбақи несие алмайтындай менің қандай жазығым бар?
Марат Сабыржанұлы Нұғманов,
"Меруерт" шаруа қожалығының басшысы
Арқалық қаласы.