“Даму” Қоры кәсіпкерлікті қолдайды

Ауылды жерде кәсіпкерлікпен айналысып отырған кәсіпкерлер үшін несие алу оңай емес. Кепілзат өтімділігі төмен болған соң банктер оларға несие беруге қорқады. Мемлекет кәсібін дамытамын деген кәсіпкерлерге кепілдік тұрғысынан көмек қолын созып, қолдауға дайын. "Бизнестің жол картасы–2020" бағдарламасы аясындағы кепілдендіру бағыты кәсіпкердің мәселесін шешуге жол ашады.
Кепілдік дегеніміз – банктен несие аларда қойылатын кепілдеме. Егер ісін енді бастаған кәсіпкерге (сауда саласында бір жылға жетпей еңбек еткен) кепілдік жетпей жатса, "Даму" қоры кепілзаттың 70 пайызын кепілдей алады. Ал өз ісін дамытқан кәсіпкерлерге (бір жылдан астам жұмыс істеген) 50 пайызға дейін.
Егер статистикаға жүгінер болсақ, "Кепілдеме беру" бағыты кәсіпкерлер арасында үлкен сұранысқа ие екенін көреміз. 2013 жылы несиелерді кепілдеу бағытында 15 жоба бойынша кепілдемеге қол қойылып, мақұлданған. 2014 жылдың сегіз айы ішінде қор 27 жобаны мақұлдаған, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге артық. Кепілдік алу барысын әлдеқайда жеңілдеткеннің арқасында көпшілік бұл қызметті белсенді қолдана бастаған.
Бұл қызмет түрін қала мен жақын аудан тұрғындары ғана емес, сонымен қатар облысымыздың шалғай жатқан аудандары да қолдана бастаған. Олардың қатарында, мысалға Науырзым, Арқалық та бар.
дамуНауырзымдық Алма Ғалиева 2001 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Азық-түлік, өзге де халыққа қажетті тауарлар сатады, қосымша шатханасы да бар. Жақында Алма наубайхана ашуды көздеді. 11 млн. 800 мың теңгені несиеге алу үшін Алма Серікқызына кепілзат жетпеді. Мәселені "Даму" Қоры шешуге көмек берді. 5 млн. 900 мың теңге несиенің 50 пайызына кепіл бола білді. Сонымен қатар Қордың субсидиялау бағдарламасы бойынша кәсіпкер пайыздық ставкасын 7% төмендетті. Банктен алған қаражатқа Алма цехқа қажетті заттарды алды.
Ал Арқалық қаласының тұрғыны Жанат Құдайбергенова баспананы қысқа мерзімге жалға береді. Ол кәсібін кеңейткісі келіп, қосымша  баспана алмақ болып, Евразиялық банкке барған еді. Банк менеджері            7,2 млн. теңге несие алу үшін оған кепілзат жетпей тұрғанын түсіндірді. Көмекке "Даму" Қоры келді. 3,6 млн. теңгеге кепіл бола білді. 
Қарабалық ауданынан келген Эльмира Даулетова – жас кәсіпкер, жас ана. Ол ерітілген балмұздақ өндіргісі келеді. Эльмирада кепілзат жоқ. Қолында жинақтаған 249 мың теңгесі бар еді. Ал қажетті құрылғыны алу үшін 830 мың теңге қажет. 2014 жылдың шілде айында ол жас кәсіпкерлерге арналған курсты оқып, көп нәрсені үйренді. Бұл жолы "ДАМУ-STARTUP" жас кәсіпкерлерге арналған бағдарламасын қолдануды жөн көрді. Қолдағы қаражатты БанкЦентрКредиттің депозитіне салды, ол кепіл заттың жартысын қамтыды, ал 70% "Даму" қоры кепіл бола білді. Осының арқасында Эльмира қолына қажетті қаражатты алды.
Аталмыш кәсіпкерлердің барлығы несиенің жартысына кепілдік тауып қана қоймай, сонымен қатар пайыздық ставканы субсидиялау арқылы төмендетіп, мемлекеттің қолдауын сезінді. 
Айтолқын
       АЙҚАДАМОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓