Қостанайда тағы да тылсым жаратылыс қолға түсті

Қостанайда тұмсығы торғайдікіне ұқсас балық табылды. Алтынсарин ауданының тұрғыны Александр Шибанов тылсым жаратылыс иесін 29 маусым күні Сыған көлінен аулап алған. Бала күнінен қармаққа әуес Александр ескі әдетінше достарымен көлге барады. Алпыс жасқа келгенше мұндай ғажайыпты көрмедім деп, өзінің таң қалысын жеткізеді. 20160702005855 -Меніңше, бұл мөңке балық шығар. Бұған дейін біреудің қармағына ілініп, тек ол үзіліп кеткеннен ауыз тұсы жыртылған секілді. Уақыт өте ол бітіп, салдарынан ерні бұртиып, тұмсыққа ұқсап қалған. Бұрындары алып балықтарды да ұстап мақтанатынбыз. Биылғы ау "торғай-болықпен" есте қалатын болды,-дейді ол. 
Осы жылдың басында Әулиекөл ауданына қарасты Қазанбасы округіндегі Бағаналы ауылында белгісіз капсуланың ішінен мақұлық табылған болатын. Мамандар жағдайды сағызша созып, бір тоқтамға келе алмады. Дөп басып айтар ешкім болмағасын, сол тылсым жаратылыстың құпиясы ақыры ашылмады. Кейін ұсақ малдың ішек құрылысы деп құтылған еді мал дәрігерлері. Ресейден келген дәрігерлер де қауқарсыз болып шықты. 
фото: top-news.kz
 

You may also like...

1 Response

  1. Маржан айтты:

    Алдында табылған мақұлық керемет еді-таба алмаған ғалымсымақтар жаңалықтың обалына қалды.Оны бірден шетел ғалымдарына өрсетуге болатын еді.Мынау шынымен мөңке шығар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓