АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ СӨЗ

Қазақ – елпең еткенге еліктегіш, кеңпейіл де кішік халық. Ұлт этнопедагогикасының үлкен бір саласы – ырым-тыйымдар. Асылы, біздің қазақ ежелден ырымшыл халық деген сөз қалыптасқан. Ал мұның астарын ақтарып, байыбын бұлтарып жатқандар көп емес-ау?!
Бәрі есте: әжелеріміз көже құятын кішкене ожаумен су іше қалсаң, әйеліңнің мұрны ұзын болады, түнде мал түгендесең, саны азайып қалады деп тыйып жататын. Сол секілді, үстелдің бұрышына сан мәрте отырса да, кәрі жілік жеп жүрсе де әпкелеріміз отбасын құрған, балалы-шағалы бүгінде. Осы сипаттағы тыйым сөздерді әр қазақтың баласы естіп өсті.
Ал, олардың барлығын бірдей жоққа шығаруға бола ма? Жас ұрпақ не дейді? Аға буынның айтары қандай?
Мысал келтірейік. Жанболат Атығали есімді кәсіпкер үй сатып алады. Уақыт өте келе әлгі үйден түрлі елес-бейнелерді байқап, қатты қорыққан. Оған қоса, жоспарлаған жұмысы алға баспайды, моншасы да өртеніп кетеді. Түсініксіз оқиғалардан қажып, үйін сатпақшы болған Жанболатқа көрші кемпір келіп, ырым-тыйымға сеніп, тұрағын аластатуға кеңес береді. Келесі күні қала сыртынан бір емшіні әкеліп, адыраспанмен аластатып, құран оқытады. Содан кейін, елестер үйден байқалмапты-мыс. Тұрмысы дөңгелене бастаған кәсіпкер: "Ырым-тыйымдарға сенетін болдым" деп түйіндейді. Сену-сенбеу оқырманның еншісінде. Ал, сіздер не дейсіздер?
Сондай-ақ, бүгіндері бойтұмардың қолданыс аясы кеңіді. Адамдар тек мойынға ғана емес, жұмысы жақсы жүрсін деген ниетпен қызмет бөлмесіне немесе жеке көлігіне іліп қоятын болған.
Адам өміріне зиянын тигізетін құбылыстың бәріне қарсы ырым жасау арқылы ата­бабамыз отбасы мүшелері мен жақындарын қауіп­қатерден талай сақтап қалған. Арада қаншама ғасырлар өтсе де, ұмытылмайтын қазақтың ырымы ұрпақтан­ұрпаққа ауысып келе жатыр. Жаңа заманның жаңа қазағы ретінде қаншама сенбейін десек те, шалқақтаған шаруамыздың ырымын жасасақ, түзеліп жүре беретіні рас дейді кейбірі.
Айта берсек, қазақтың ырымы көп. Белгілі тарихшылар, дін қызметкерлері ырым-тыйымдар мен тұрмыстық наным-сенімдер ұқсас дейді.  Аяқ басқан сайын алдыңнан шыға беретін қазақтың ырымдарының маңызы қаншалықты? Ешнәрсені де негізсіз айтпайтын және тектен-текке жорамал жасамайтын ата­-бабаларымыз өмір сүру барысында, тұрмыста жинаған ілім­-білімдерін мақал-­мәтелдер мен ырымдар арқылы кейінгі ұрпаққа жеткізді. Сөйтіп, тумысынан текті халық сақтандыру шараларының өзін тәрбие құралына айналдыра білді.  
 
 «Нанның қиқымын жесең, бай боласың!»
 
u_XePxV60XUСұңқар Ғалиханов, техника ғылымдарының магистрі:
«Нанның қиқымын жесең, бай боласың» дейді. Жақсы делік! 10 миллионнан астам қазақ бар. Сонда сол тұрғындар нанның қиқымдарын жей берсе бай болып кете ме? Дәстүрімізге көз жүгіртер болсақ, тіпті, геометриялық аксиоманы алайық: мағынасыз, артық ырымдар жетерлік. Рас, ырымдарды ұмытпауымыз қажет. Әуелі, санамыз қабылдай алатын және ата-бабаларымыз нұсқап кеткен тыйымдарды қолданғанымыз абзал. Ал ырым мәселесі Ислам дінінде бар. Тыйымның астарында адамгершілік, кісілік қасиет, адамның жан дүниесінің сұлулығы тұрады. Сондықтан екеуін дұрыс ажыратып, керегін ғана алуымыз керек. Бірде кешкі тамақ ішіп отырып, байқаусызда қолымнан қасығым түсіп кеткен-тін, сол ақ еді, әжем: «Келін, қазір қонақ келеді, тағы да тамақ істегенің жөн» – деп шу ете қалды. Ас ішіп болып, шай қойдық, шай қайнап тұр. Әне келеді, міне келедімен көзімізге әбден ұйқы тығылатын болды. Ақыры, күткен қонақтарымыз келмеді. Осыдан кейін ырым-тыйымға сенбейтін болдым.
 
O_jt8LpqqhAАйнұр Нұрғалиева, мұғалім:
Өте орынды, қисынды, тіпті даналық сөз. Тек бұл арада ырымдардағы метафораларды тікелей ұғынудан аулақ болайық. Мұндай ырым тектес мәтелдер басқа халықтарда да бар. Мысалы, көршілер "Копейка рубль бережет" дейді. Яғни, ысырапшыл болма, сонда ғана саған дәулет қонады деген сөз. Керек десеңіз, бай-манаптардың өмірбаяндарын оқысаң, осы қазақ ырымының ақиқаттығына көз жеткізер едің.
 
 
8JniBIoNGx4Қуантар Әлихан, оқытушы: Сейіт Кенжеахметовтің бәлен жыл теріп, жинаған қазақтың ырымдарына бір жақты қарамау керек. Оның тәрбиелік мәніне баса назар аударған жөн. Нанның қиқымын жеуде емес мәселе, мәселе нанды құрметтеуде жатыр. Нан ырыстың атасы емес пе!? Ата-әжелеріміз «босағаны керме», «табалдырықта тұрма» деп жатады. Мұның бәрі ерсі қылықтардан аулақ болуға сақтайды. 
 
 
 
yEEO7_iyF4IАсқар Әмербай, жас маман: Мүлдем сенбеймін. Ырымға сену – өз еркіңнен айырылу. Әрине кейбір «түзу» ырымдар бар, бірақ олар этикадан туындаған. Бірде әжем: «Олай жасауға болмайды, жаман ырым» деген болатын. Сол кезде үйге келіп отырған қарт кісі «негізі, ырымға сену ширк. Мысалы, қазақ «тұзды жерге шашпайды» дейді. Ал, қазір күн көк тайғақта мұзды еріту үшін тұз сеуіп жатады. Бұл жерде ырым ешқандай рөл ойнамайды деп ойлаймын» демесі бар ма?!
 
 
DSCF6124Дәмеш Әбеуова, зейнеткер:  "Қазақ ырым етеді, ырымы қырың кетеді" деген бар емес пе? Бір жағынан, ғұлама ақын ырымға сенбе деп отыр. Ырым-тыйымды кей оқытушылар дұрыс түсіндіріп жүр дей алмаймын. Мәселен, қазақта жақсы ниет бар: тез жүріп кетсін деп, баланың тұсауын үлгі алатын үлкен кісілер немесе кәнігі желаяққа кестірген. Осы сияқты  ырымдардың осындай түсіндірме мәні кеткен. Қазіргі жастар түгілі, замандастарымыз көшеде жолын бір мысық кесіп өтіп бара жатса, кері кетіп, анау көшемен айналып келеді. "Жолымды мысық кесті, жолым болмайды" деп көріпкелдік жасайды. Ау, ағайын, мысықты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) құрметтеген жоқ па еді? Шапанында ұйықтап жатқан мысықты оятып алмайын деп, жатқан жерін (шапандағы бөлікті) кесіп тастаған.
 
 
 

You may also like...

2 Responses

  1. Маржан айтты:

    Жоғарыдағы педагогтар  пікірі әділ.  Үй аластау оқиғасында кісі аластасам жолым ашылады деп қатты сенген. Бұл жерде сенім күші маңызды.Мысалы сенбеген кісіге ем де қонып жарытпайды дейді дәрігерлер. Тіпті тиісті дәрмекті қабылдаса да.Мысалы, әдетте миллиардерлер  неге бақытсыз, мазасыз?Бизнесін қайғырады, бәсекелестік көп,аяқтан шалушы көп, отбасына көңіл жеткіліксіз,жеке өмір мәз болмай қалады, өзін емес байлығын сыйлаушы көп,сенім жоқ.тым болмады бір сенім болуы қажет! Ал нан турағанда оның қиқымын жеу сауап дейді.Мораль-ас атасын қадірле. Қазақ кезінде ақтабан шұбырындыны көрген, бір үзім нанға зар болған. Арпа-бидай-ас, алтын күміс- тас.Нанды баспау, шашпау, жерде жатса көтеріп алып торғайларға тастау жайлы өлеңдер оқулықтарда жазылатын.Балалар әр ненің қадірін, парқын білуі тиіс.Ырым деген соқыр сенім емес! Мұның терең мәні, ғибраты бар.

  2. Дарxан Әбдуаxит айтты:

    Осылардың бәрі ауадан алынбаған, ырымдарды айтамын. Дегенмен, саны өте көп қой. Әркім өз санасына қарай әр қилы қабылдасын. Сейіт әкеміз де адам, оның кей айтқандарының салмағы ауырлау емес. Жеке лйым

     

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓