«Қылмыстың ең ауыры – ана тілін мойындамау»,- дейді Қостанай ауданы, Алтын Дала ауылының тұрғыны Дәуренбек Әбдібек

                                                                                                               Оқырман пікірі
          
   "Хаттаманы қазақша толтыруды талап еткені үшін жол сақшысы тарапынан қысымға ұшыраған келіншектің жанайқайы, есі дұрыс адам бей-жай қарайтындай нәрсе емес. Ақтолқын Жәнібекованың  басынан өткен шытырман оқиғаны алдымен газет сайтынан оқып, кейін телеарнадан берілген бейнематериалдан көріп қанықтым.  ИзображМММОсы елдің  толық құқылы азаматы ретінде айтарым, ішкі істер департаменті тарапынан айтылған уәжге көңілім толмады. Көңілім толмайтыны – бұл әшейін бір міндеттен құтылу үшін берілген құрғақ жауап екені көзге ұрып көрініп тұр. Әйтпесе осындай өрескел оқиғаға, баспасөз қызметі емес, департамент басшысының өзі жауап берсе артық па? Қазақша  жазбаймын деп қасарысқан сержанттың өзі қайда? Егер ол кінәсіз болса телекамера алдына шығып соны неге айтпайды? Әлде олай істеуге әлденеден қорқа ма? Басшылары рұқсат бермей ме? Неге?
   Барлық эмоцияны жиып қойсақ, мәселе бұл жерде тіпті тіл туралы да емес. Адам құқығы тапталып отыр. Оны таптаған басқа емес, сол құқықты қорғаушы. Бұл жерде жол сақшысы – құқық қорғаушы емес, кәдімгі жол торыған бұзақыға айналған. Себебі құқық қорғаушы ретінде ереже бұзған жүргізушімен сыпайы сөйлесіп, оған құқықтарын түсіндіріп, барлық заңды талаптарын орындаудың орнына тілдеген, қорқытып-үркіткен, адамдық ар-намысын таптаған.
    Енді тіл мәселесіне келейік. Заң тұрғысынан алғанда қазақ тілі – Қазақстанның мемлекеттік тілі. Яғни қашанда қолданыста бірінші кезекте тұрады.  Оны қолданудан қасақана бас тарту – Қазақстан Республикасының Конституциясын мойындамау. Ал Конституцияны мойындамау – Қазақстанның Тәуелсіздігін мойындамау. Ал Тәуелсіздікті мойындамау – бұл қылмыстың ең ауыры. Бұл берісі сатқындықпен, әрісі сепаратизммен тең бағаланады.
   Тағы бір мәселе. Бұл жерде ұлтараздығын қоздыру, тілдік, нәсілдік белгісіне қарай қысым көрсету туралы әңгіме мүлде жоқ. Болмайды да. Ақтолқын Жәнібекованың өзі «Егер ол өзге ұлт өкілі болса әрекетіне түсіністікпен қарар едім. Ал жол сақшысының ұлты – қазақ және қазақ тілін білетіні де көрініп тұр» дейді.  Яғни, бұл жерде азаматшаның құқы саналы түрде, әдейі және өрескел бұзылып тұр. Елбасының «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін» деген сөзін де осы тұста еске салып қойған артық болмас.
   Жарайды, баспасөз қызметінің уәжіне тоқтайық. Тергеу нәтижесін күтейік. Бірақ оқиға соңы сиырқұйымшақтанып аяқталмауы тиіс. Құқық қорғаушылар ел алдында абыройын сақтап қалғысы келсе ақылға сыятын дәлелдермен не болған оқиғаны жоққа шығаруы қажет немесе кінәлі қызметкер жазасын алуы тиіс. Қалай болғанда да бұл жағдай көпшіліктің қырағы назарында".
 
…Естеріңізге сала кетейік, аталмыш материал сайтымызда жарық көрісімен, Қостанай облыстық ІІД басшысы Т.Маткеновке түйткілді жайтқа қатысты сауалдар қойып, хат жолдаған болатынбыз. Үш күннен соң, яғни бүгін жауабын алып отырмыз. Жауап хатта тергеудің жүргізіліп жатқаны, түбегейлі ақпараттың тергеу қорытындысы негізінде берілетіні айтылған. Костанай таны
 
Жандос Жүсіпбек

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓