Жер сатамын деп…

Қостанай қаласының №2 соты ҚР ҚК 366 бабы 2 бөл. (пара алу) бойынша  1957 жылы туған Б.Құрамысовқа қатысты сот үкімін шығарды. 
Іс материалдары бойынша,   «Стикс 2012» ЖШС директоры қызметін  атқарған айыпталушы Құрамысов аталған серіктестік қызмет көрсететін Қостанай қалалық зиратынан қайтыс болған азамат Чуесненконы жерлеуге  2013 жылы арнайы орын бөлген.суд
Жерлеуге бөлінген  орын аталған зираттың “Құрмет” саяжайы маңында болып, оның көлемі 3х4, яғни ауданы 12 шаршы метрді құраған. Ал белгіленген талап бойынша адам жерлеуге бөлінетін орынның көлемі 7 шаршы метрден аспауы керек. Осыған орай, қайтыс болған азаматтың туыстарына зират жұмыскерлері хабарласып, қоршау көлемін азайту керектігін айтқан. Мәселенің шешімін табу үшін қайтыс болған кісінің ұлы мен зират директоры кездескен. Кездесу барысында Құрамысов бұдан былай адам жерленген орынды бөлу туралы мәселе туындамауы үшін 200 мың теңге талап етеді.  
  Сот үкімімен Б.Құрамысов пара алуда айыпты деп танылып, оған алпыс есе артық көлемде – 12 млн. теңге айыппұл салу, оған тиесілі 15200 АҚШ доллары көлеміндегі  мүлікті тәркілеу, мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет иелену құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Қарлығаш МАРАТҚЫЗЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓