Майдангерлер марапатталды

Облыс әкімі Нұралы Садуақасов өңіріміздегі бір топ майдангермен кездесті. Салтанатты шарада аймақ басшысы ардагерлерге ҰОС-дағы Жеңіске 70 жыл мерейтойлық медалі мен мемлекеттік наградаларды тапсырды. IMG_1464
Отан үшін от кешкен жауынгерлерге деген құрмет жыл сайын артып келеді. Әсіресе, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында кейінгі толқын майдангерлердің ерлігін дәріптеуді қолға алды. Төрт жылдің ішінде небір қиындыққа төзіп, ерліктің ерен үлгісін көрсеткен ардагерлер кез-келген құрметке лайықты да. Себебі олар Жеңіспен оралды. 
-Жеңіс мерекесіне санаулы күндер қалды. Осы уақыт ішінде Ұлы Отан соғысы туралы құнды мәліметтерге қанық болдық. Соғыс ардагерлері және тыл еңбеккерлерінің ерлік істерін жан-жақты насихаттауға тырыстық. Біз майдангерлермен мақтанамыз,-деді облыс әкімі Нұралы Садуақасов.IMG_1452
Салтанатты шара барысында соғыс ардагерлері Молдағали Жүнісбеков, Николай Люлюк және тыл еңбеккері Мағауя Жүніс «Құрмет» орденімен, соғыс ардагерлері Александра Ефанова, Яков Қаратаев, Мугадар Серкибаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Саин Иманбаев, Алексей Комлик, Семен Яковлев ҚР Құрмет грамотасымен наградталды. Телғара Әбенов, Шамель Бижан, Мария Болатова, Алексей Завертайло, Кабира Колбаева, Шайдулла Сағындықов сияқты ардагерлер «1941-1945жж ҰОС Жеңіске 70 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.IMG_1514 Денсаулықтарына байланысты салтанатты шараға келе алмаған майдангерлердің үйіне облыс әкімі өзі барып, сый-сияпат жасады. 
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓