Үш дәмхана… төртіншісі – түрме
Бірнеше рет істі болған 22 жастағы Қарабалық ауданының тұрғыны үш түн бойы екі дәмхана мен бір асханаға ұрлыққа түскен. Ол нысандар ішіне пластикалық терезелерін қайырып бұзу арқылы кіріп жүрген. Қалтасы мен сөмкесіне сыйғанның бәрін жымқырыпты. Шағымданушылар азық-түлік, спирттік ішімдіктер, темекілер қолды болғанын айтқан. Ал әлгі дәніккен ұры "олжасын" танысының үйіне апарып бөлісіп, "аста-төк мереке" жасасады. Соңғы "жорық" жасар түні тәртіп сақшылары ұрыны қолға түсірді. Ол бес жыл бас еркіндігінен айырылуы мүмкін.