Қостанайда мотоциклші қарияны қағып кетті

Қостанайда жаяу жүргіншілер жолынан қарияны соғып кеткен мотоциклші іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.20170926120950Жол-көлік оқиғасы 25 қыркүйекте сағат 20.00 шамасында болған. Куәгерлердің айтуынша, Абай-Арыстанбеков көшелері қиылысындағы жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан қарияны қатты жылдамдықпен келе жатқан мотоцикл соққан. Жарақат алған зейнеткер қалалық ауруханаға жеткізілді.
«70 жастағы ер адамның екі аяғының тобығы сынған. Зардап шегушіге ота жасаймыз», – деді Қостанай қалалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Марал Әбілқасымов.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓