Облыс әкімі қайта тағайындалды
Бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс отырысы өтті. Халық қалаулылары Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысын қарады. Елбасынан келген құжатта Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес, Қостанай облысы әкімі лауазымына Нұралы Мұстафаұлы Саудақасовтың кандидатурасын қарау ұсынылған.
Сөз сөйлеген облыстық мәслихаттың депутаттары қазіргі дағдарыс кезінде аймақты тәжірибелі әрі өңірдің тыныс-тіршілігін жетік білетін адам басқаруы тиіс, сондықтан ұсынылып отырған үміткер осы лауазымға лайықты, деп шешті.
Дауыс беру кезінде халық қалаулылары бірауыздан Нұралы Садуақасов үшін қол көтеріп, облыс әкімі лауазымына тағайындалуын мақұлдады.
Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Астана, Алматы қалалары мен облыс әкімдері тағайындалды. Қостанай облысын әкімі болып Нұралы Мұстафаұлы Садуақасов басқаратын болды.
Нұралы Садуақасов 1964 жылы Семиозер ауданының Шолақтерек ауылында туған.
1986 жылы К.А. Тимирязев атындағы Москва ауыл шаруашылығы академиясын ғалым-агроном мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1986 жылы Қостанай облысы Семиозер ауданы Чернышевский атындағы совхоздың агрономы лауазымынан бастаған ол барлық лауазымдарда адал қызмет атқарды.
2006 – 2011 жылдары Қостанай облысы әкімінің орынбасары болды. Одан кейін 2012 жылдың қаңтар айынан бері Қостанай облысын басқарып келді.
Нұралы Саудақасов «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл» мерекелік медалімен, «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен және «Парасат» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
Махаббат Бекбай
Суретті түсірген Айбек Жүзбай