«Астана» аяған жоқ

астанаҚазақстан Премьер-Лигасы командалары арасындағы оныншы тур ойындары Қостанайдың «Тобылына» тағы нәтиже әкелген жоқ. Әкелгеніңіз не, тіпті жерлестеріміз сырт алаңда қарсыластарынан оңбай ұтылды. Бұл жолы «Астанаға» 0:4 есебімен тізе бүкті. Дмитрий Шомко, Таңат Нөсербаев, Фокси Кетевоама және Бауыржан Джолчиевтер соққан допқа «Тобыл» футболшылары ең болмаса бір голмен де жауап бере алмады.
«Тобыл» келесі матчты өз алаңында өткізеді. 7 мамыр күні Қостанайға Дмитрий Огай жаттықтыратын Қызылорданың «Қайсары» қонаққа келеді.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ

You may also like...

1 Response

  1. Айдос айтты:

    Тобыл футбол командасынын даурені откен сынайлы. Осындагы ойыншыларды таратып, жана команда жасактау кажет. Атауын да озгерткен дурыс шыгар?!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓