Сертификат беріледі
Облысымыздағы соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге 2015 жылғы 20 желтоқсанына дейін дәріханалардан тегін дәрі-дәрімек алатын сертификат(25000т) берілетін болды. Олардың тегін дәрі-дәрімек алуларына қаржыны облыс әкімдігінің тапсырмасы бойынша өңірдегі «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бөлді. Корпорацияның төрағасы А. Әлиевтің айтуынша, сертификатта дәрі-дәрімекті алатын дәріханалардың тізімі де бар. Сол секілді бүгінде соғыс ардагерлері мен мүгедектердің көбі қарт кісі, өздері барып дәрі-дәрімегін ала алмайды, сондықтан дәрі-дәрімекті туғандары я болмаса бекітілген әлеуметтік қызметкерлер ала алады. Дәріханаға сертификатын көрсетсе болды, тек соғысқа қатысушы, соғыс мүгедегі куәлігі болуға тиіс. Сертификаттарды жақын арада облыстағы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері тапсыратын болады.
Гүлназым САҒИТОВА