Жітіқаралықтар игілігіне – жаңа корт

Жітіқара қаласында көпфункциялы хоккей корты ашылды.Салтанатты рәсім кезінде аудан әкімі Нұржан Өтегенов спорттық нысан "Nur Otan" партиясы" ҚБ-нің сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында салынғанын атап өтті. Кортты салуға облыстық бюджеттен 14 млн теңгеден астам қаражат бөлінген.
"Жаз мезгілінде кортта футбол ойнап, қыста хоккейде және коньки тебуге болады. Бұл спорт ғимаратының қала орталығында орналасқаны балаларды, жасөспірімдер мен қала тұрғындарын қысқы спорт түрлерімен айналысуға ынталандырады", – деді әкім өз сөзінде.Жаңа нысанның ашылу салтанатында аудан әкімі футболдан балалар құрамасына доптар мен спорттық снарядтар сыйға тартты. Жітіқара ауданында соңғы жылдары спорттық инфрақұрылым қарқынды дамып келеді. Тек осы жылы ғана қаланың шағын аудандарында бірнеше спорт алаңы ашылды. Сондай-ақ, Пригородный және Тоқтаров ауылдарында балалар спорт алаңдары, Естай Есжанов атындағы №9 мектепте баскетбол алаңы пайдалануға берілген еді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓