Спорт тілшілерінің назарына

Халықаралық спорт журналистері күні қарсанында және еліміздің олимпиадалық ведомствосының құрылғанына 25 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті спорт журналистері арасында конкурс жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. sport2Конкурсті Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті ұйымдастырмақ. Байқау жеңімпаздары қазақстандық олимпиадалық спорт, еліміздегі олимпиадалық қозғалыстың дамуы туралы журналистік материалдардың арасынан анықталмақ.
Осыған орай ҚР ҰОК президенті Тимур Құлыбаев «Журналистер арасындағы жыл сайынғы конкурс кәсіби мамандардың арасында қызығушылық тудырып, оған республикалық және аймақтық БАҚ өкілдері қатысады деп үміттенеміз. Журналистердің жедел жұмысы қазақстандық спортшылардың жеңістерінің көлеңкесінде жиі қалып жатады. Бірақ, отандық спортшылардың жетістіктері туралы бірінші хабарлайтын дәл осы журналистер. Сондықтан, біз спорттық журналистика саласында конкурс ұйымдастыру туралы шешім қабылдадық. Оның басты мақсаты – спорт тақырыбында тұрақты әрі тәуелсіз қалам тербеуге ынталандыру, елімізде олимпиадалық қозғалысты дамыту, қазақстандықтардың салауатты өмір салтына қызығушылықтарын арттыру, спортты насихаттау», – деп атап өтті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті жеңімпаздарды төрт аталым бойынша анықтайды:
– «Үздік телевизиялық жоба»;
– «Баспа бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік жарияланым»;
– «Электронды бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік жарияланым»;
– «Аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарындағы спорт туралы үздік материал».
Конкурске өтініштер 2017 жылдың 10 тамызына дейін қабылданады. Конкурстың шарттарымен ҚР ҰОК ресми сайтынан танысуға болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓