Достықты жырлап…

     Қостанай қаласындағы №6 бөбекжай-бақшасының «Балапан» екінші кіші тобында «Достық бірілігі» атты тақырыпта мерекелік шара болып өтті.  20150429200318Шараның мақсаты- балғын балғындарға мемлекетімізде тұрып жатқан  өзге ұлт өкілдерін тану, олардың салт-дәстүрлерін білу, құрметтеу.20150429200358
    Балғындар әр ұлт өкілдерінің киімдерін киіп, билерін биледі, өлеңдерін айтты. Осындай шараны ұйымдастырған топ тәрбиешілері Қуаныш Балғынбаева мен Мәдина Өскенова болса,  музыкалық жетекшісі  Сабина Оразалина болды.  20150429200254 (2)Ата-аналарда шараға белсенді араласты. Олар ұлттық тағамдар пісіріп, гүл жинау сайысына қатысты.  Теріп алған гүлдер ішіндегі сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білімдерін көрсетті.
 
Гүлназым САҒИТОВА
Суретте: шарадан көрініс

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓